13
февраль
2018
«Жүрек түпкіріндегі сәулемізді қайта жағайық»
Өткен аптада «Өзін-өзі тану» апталығының жұмыс жоспары салтанатты жиында таныстырылған болатын. Сол жұмыстың негізінде мектеп тәлімгері Р.Д Жадуовтың ұйымдастыруымен 6,8 сыныптар аралығында «Жүрек түпкіріндегі сәулемізді қайта жағайық» атты қойылымдар ұйымдастырылды. Қойылымның негізгі талаптары адам жанына рухани байлық сыйлайтын,ой салатын көріністер болды. 6 сынып оқушылары өз сахналық қойылымдарында ащы шындық деген тақырыпта алып,телевидениялық бағдарлама ретінде сақыналап, қазіргі заман яғни ХІ ғасырдағы оғаш қылықтарды,соның ішінде киім,музыка,сөйлеу мәдениеті мен эстетиканы Батыс елдеріне еліктеген жастрды және заман өзгерседе адам өзгермеу керек деген ұстанымды ұстаған әдепті-тәрбиелі және ол тәрбиені ата-әжесінен алған қызды салыстыра отырып әдемі қойылым қойды. Өз кезегінде 8 сынып оқушылары болашақ келін,аяулы жардың қалай болу керектігін саябақта отырған ақсақалдың,екі достың,бойжетеннің образы бойынша кейіпкер ретінде сахналап,оқушыларға рухани азық сыйлады.Сыныптан тыс бұл шараның екінші бөлімінде мектеп тәлімгері Р.Д Жадуов және мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып,зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыратын «Есірткіге жол жоқ» атты тақырыпта видео ролик көрсетіліп,ақпараттар беріліп,әпке-бауыр атты қойылым көрсетіліп оқушылар мен ұстаздарға үлкен ой салды.