13
февраль
2018
Мектебіміздің мақтаныштары көп болсын!
Мектебімізде өткен аптада педагогикалық кеңестің қаулысымен мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттап, өзге оқушыларды ынталандыру мақсатында оқушыларға мектеп ұстаздарының және кәсіподақтың ерікті түрде демеушілігімен, тоқсан қорытындысы негізінде мектепшілік шәкіртақы тағайындалған болатын. Осы аптаның бірінші күні қаражат толықтай жиналып, салтанатты жиынның бірінші бөлімінде мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысатын, тәртібімен білім нәтижесінен үздік оқушыларды мектеп директоры М.К.Мубаракова, оқу ісінің меңгерушісі А.Т.Абаева, тәрбие ісінің меңгерушісі А.С.Альмджанова, мектеп тәлімгері Р.Д.Жадуов оқушыларды құтықтап, ақшалай сертификатпен марапаттады.