15
февраль
2018
Мектеп бітіруші түлектер ата аналарына психолог кеңесі
Ұлттық бірыңғай тестілеу жақындаған сайын түлек те, ата-аналар да уайымға салынып, мазасызданады. Биылғы ҰБТ жаңа форматта өтеді. Баланың да, ата-ананың да қобалжуы тіпті күшейді. Мұндай кезде күйзеліске түспеу үшін писхологтың кеңесіне назар ауадарған жөн. Осыған орай облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп психологтары, ата-аналар мен бітіруші түлектердің басын қосқан жиын өтті.
Ата-анаға кеңес
Емтихан қарсаңында баланың үрейін ұлғайтпаңыз, бала өз эмоциясына ие бола алмай, морт кетуі әбден мүмкін;
үйде баланы сабақ қарауға ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіңіз; үйдегілердің оған кедергі жасамауын қадағалаңыз;
тест тапырмалары бойынша жаттығу кезінде баланы уақытқа бағдар жасауға және оны бөлуге үйретіңіз. Егер бала сағат тақпаса, оған міндетті түрде сағат беріңіз;
баланың тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ, кепкен өрік мидың жұмысын жақсартады.
«Ұйқы ашуға жақсы» деп, кофе, шай беруге болмайды. Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі аса жоғары болады. Ал ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді;
егер, бала дайындық барысында тұйықталып, көңіл күйі болмай, жиі жылап, мазасы кетіп жүрсе, психолог маманның кеңесіне жүгіну керек;
ҰБТ тапсырғалы тұрған балаға ешқашан үлкен жауапкершілік артуға, аяушылық танытып, көңілін босатуға немесе «сөйт-бүйт» деп кеңес айтуға болмайды;
баланы емтиханнан кейін сынаққа алмаңыз;
кез келген сәтте балаңызды мақтан тұтыңыз, әрқашан балаңыздың жанынан табылыңыз, өзін жалғыз сезінуіне жол бермеңіз.