Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2018

Астанаға арнаймыз!!

Мектебімізде Астананың 20 жылдығына орай өткізілетін «Ел жүрегі Астана» атты айлық іс-шараның жоспары, саптық жиында ұстаздар мен оқушыларға таныстырылды. Ол іс-шаралар: «Астанаға 20 жыл» қабырға газеттер, сурет байқауы, тәрбие сағаттар, «Ел жүрегі - Астана» шығарма байқауы, «Астанаға арнаймыз» қолөнер көрмесі, «Рухани жаңғырудың жарқын жолдары» ашық тәрбие сағаты, Спорттық сайыстар, «Әнім сенсің, Астана» ән байқауы, «Жыр жазамын саған арнап, Астанам» жыр мүшайра, «Жаса, жайна ару қала Астана» оқыған көркем әдибеттері туралы пікірсайыс, «Ару қала, арман қала - Астана» мәнерлеп оқу сайысы. Осындай іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде өтуде, осы іс-шараның өтілуі барысында өз басым Астанамыздың тарихымен, ондағы әсем де зәулім ғимараттардың салынуы жайлы және де сонау қазақ хандығының құрылуынан бергі қазақ елінің астаналарының тарихына қанықтым. Кеудемдегі жүрегімнің дүрсілі ерекше соғып, еліме деген сүйіспеншілігім одан әрі артқандай. Болашақта еңбегіммен өмірімді еліме арнап, сөзбен емес іспен дәлелдейтін ұланы боламын.