15
февраль
2021
Ерлік сабағы
2021 жылы 15 ақпан күні "Қаратал орта мектеп бақшасы" КММ-де Кеңес әскерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 32 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті. Іс-шараға Ауған соғысы ардагерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омирова З.К, мектеп кітапханашысы Джаикова Н.М, тәлімгер Жапарова Н.Б, АӘТД пәні мұғалімі Борибаев М.Ж, мектеп оқушылары қатысты. АӘТД пәні мұғалімі Мұхаметкали Жұмашұлы салтанатты жиынға қатысқандарды құттықтай отырып, жүрекжарды лебізін жеткізді. "Ауған соғысынан аман оралған 10 000 жуық ардагер бүгінде ортамыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Бүгінгі сол сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген ардагерлер бүгінде қажырлы еңбек етуде. Батырларымыздың ерлігі мен даңқын ұмытпай, болашақ үрпаққа үлгі етуіміз керек. Өскелең ұрпаққа Ауған соғысының тарихын айта отырып, бойларына патриоттық сезімді ұялату - басты парызымыз. Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын"-деді. Салтанатты жиында Ауған соғысы ардагері Шәкіртхан Жұмашұлымен онлайн кездесу өткізілді. Сондай-ақ арнайы дайындаған Ауған соғысы жайлы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Ауған соғысы жайында кітапханашы көрме ұйымдастырды.