Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы"
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2018

Психолог кеңесі

Түлектерге кеңес

сабақ қарау үшін орын дайында: үстел үстіндегі басы артық дүниелерді жинап, керекті оқулықтарды, кітаптарды, дәптерлерді,қарындаштарды және т.б. ыңғайлы орналастыру керек;
бөлмені сары немесе күлгін түске боя (олар ақыл-ой белсенділігін күшейтеді). Бұл үшін осы түстегі суреттер мен заттардың болуы жеткілікті;

дайындықтың әрбір күніне жос-пар жасай отырып, бүгін дәл не оқылатынын нақты анықтап алу керек. Ең алдымен, бір рет оқып қоя салғаннан материалдың ұмытылып қалатынын білу керек! Материалды бір рет оқып алған соң, 10-20 минуттан кейін оны тағы бір рет оқып шығу керек.

дайындалу мен демалуды кезегімен орында: 40 минут сабақ, сосын 10 минут үзіліс. Үзіліс кезінде ыдыс жуып, гүл суарып, бой жазу жаттығуын жасап, душ қабылдауға болады;

емтихандарға дайындалу кезінде өзіңнің жақсы тапсырғаныңды көз алдыға елестет;

Тестілеу қарсаңында:

Көпшілік емтиханға толық дайындалу үшін бір түн, яғни, соңғы емтихан алдындағы түн де жетеді деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Шаршаған ағзаны қатты қажытпау керек. Керісінше, кеш түскенде серуенге шығып, ұйқы алдында душ қабылда;

Емтихан тапсыратын орынға кешікпей, дұрысы, тестілеу басталғанға дейін 15-20 минут бұрын бар;

Тест тапсыру кезінде қасыңдағы балалармен ешқандай қарым-қатынас болмауы керек. Ол өзіңе де, оларға да пайдалы бола қоймас. «Ерте бітіп қойдым» деп, уақыттан бұрын шығып кеткенше, тест жауаптарын ең соңында тағы бір оқып, қарап шығу қажет.

Жаңа формат

ҚР Білім және ғылым министрлігі енгізген ең басты өзгеріс ол — мектеп бітіруші түлек ең бірінші мектеп базасын-да қорытынды аттестаттау тапсырып, аттестат алады. Содан кейін, егер ЖОО-ға барғысы келсе, ҰБТ-ны іріктеу емтиханы ретінде оқу орнына келіп тапсырады. Тағы бір басты өзгеріс — тестілеудің пәндері өзгертілді.

Неше балл жинау керек?

140 ұпайдың 50-ін жинаған жағдайда оқу орнына түсе алады. Былтырғы оқу жылынан бастап шектік балл жинай алмай қалған жағдайда немесе шектік балл жинап, кей пәндерден жеткілікті балл ала алмай қалған жағдайда тамыз айында кешенді тестілеу өткізіледі. Бұл жолы 2245 теңге төлеп, кешенді тестілеу тапсыруға мүмкіндік алады.

Ал екінші мәрте шектік балл жинай алмай қалған жағдайда, абитуриенттер университетте тыңдарман ретінде оқу ақысын төлеп, сабаққа қатыстырылады. Бір семестр оқығаннан кейін қаңтар айында тағы да кешенді тестілеу өтеді. Сол кезде жеткілікті балл жинаған жағдайда әрі қарай студент ретінде университетте қалдырылады.

Мерзімі

Қорытынды аттестаттау 29 мамыр-10 маусым аралығында мектеп базасында өтеді. Ал аттестатын алған түлектер ҰБТ-ны облыс бойынша 16-20 маусым мен 1 шілде аралығында тапсырады. Олардың 4-і жоғары оқу орындарының, 3-і аудан орталықтарындағы колледждер, 9-ы жалпы орта мектептердің базасында орналасқан.

Таңдау пәнін тапсырмауға құқылы

Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында шығармашылық емтихан арқылы түсетін мамандықтар бар. Бұл мамандықтарға журналистика, бейнелеу өнері, сызу, дизайн, дене шынықтыру, спорт және де бастапқы әскери дайындық, вокол, хореография сияқты мамандықтар жатады. Егер оқушы шығармашылық емтиханы бар мамандыққа түсетін болса, ҰБТ тапсырғанда тек қана үш негізгі пәнді тапсырып, таңдау пәнін тапсырмауға құқылы. Қалған екі пәнді өзі таңдаған жоғары оқу орнының шығармашылық емтихан өтетін күндеріне барып, тапсыра алады.