12
декабрь
2019
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу
27-қараша күні "Бвлвлвр мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық тәрбие" атты біркүндік 7-11 сынып ата-аналары мен оқушылары арасында өткізілді. Шара барысында ИДН қызметкері, дәрігер, мектеп әкімшілігінің қатысуымен "Ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдердің жүктілігі туралы ескертулер" ата-ана жиналысы, "Зорлық-зомбылықтың алдын алу" жайлы ата-аналарға мектеп директоры Куралай Мубарковна кеңес берсе,мектеп психологі С.Болекбаева "Сіз өз балаңызды білесіз бе?" атты кеңесті ата-аналармен балалардан алынған анонимді сауалнама қорытындысы бойынша жүргізді.Сондай-ақ акушер-гинеколог маман мен мектеп медбикесі де оқушылармен әңгіме-сұхбат өткізіп, ерте жыныстық қатынастың зияны жайлы жан-жақты ақпарат берді.Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.