29
апрель
2019
"Қауіпсіз Интернет" Республикалық кампаниясының он екі күндігі өткізілді
«Қаратал орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4-17 сәуір аралығында ХАТ он екі күндік жоспарға сай өткізілді. 4 сәуір күні мектеп әкімшілігі саптық жиын өткізіп оқушылар мен мұғалімдерге жоспармен және кампания тұжырымдамасының мақсатымен таныстырды. 4-17 сәуір аралығында «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» тақырыптарында сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Информатика пәнінің мұғалімі А.Абаева 11 сәуір күні 7-сыныпта «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты ашық сабақ өткізді. 15 сәуір күні мектеп психологі Е.Калиев 5-10 сынып арасында «Интернет: иә және жоқ» атты дөңгелек үстел өткізді. «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде» тақырыптарында 5-10 сынып арасында буклеттер мен плакаттар байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаз 5 сынып атанды. 16 сәуір күні тәрбие ісінің меңгерушісі З.Омирова мен мектеп психологі Е.Калиев «Инернеттің пайдасы мен зияны» атты жалпы ата-ана жиналысын өткізді. Жиналыста ата-аналарға әр түрлі әлеуметтік желілерде балаларын көп отырғызбауға, балаларының қандай желіде отырғанын қадағалауға баса назар аудартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.