09
декабрь
2019
Жүнісов Ернұр Бауыржанұлының демеушілігімен жасалған күрес залының салтанатты ашылуы
7 қараша 2019 жылы өскелең ұрпақтың болашағын ойлаған , жомарт жан Жүнісов Ернұр Бауыржанұлының демеушілігімен жасалған күрес залының салтанатты ашылуы болды. Салтанатты жиында Ернұр Бауыржанұлына аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлының "Алғыс хаты" табысталып, шапаны жабылды. Ауыл жастары мен шаруа қожалық басшылары Ернұр Бауыржанұлына осындай игі істеріне ризашылық білдіріп ат мінгізіп, мектеп ұжымы шапан жауып құрмет көрсетті. Салтанатты жиын соңы Абайдың 175 жылдығына орай "Құрметбелгісі" ордені, Моңғол Халық Республикасының "Үздік еңбегі үшін" төс белгісі, ҚазКСРО-нің "Еңбектегі ерлігі үшін" төс белгі иегері Жүнісов Бауыржан Есімұлын еске алуға арналған 2005-2009 жылғы жасөспірімдер мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирге 6 команда қатысып кубокты Қаратал командасы 6-1 орын,5-2-ші орын, 4-3-ші орындармен жеңіп алды.