27
февраль
2020
"Абай-ұлы тұлға" атты іс-шара
20 ақпан 2020 жылы ШҚО Үржар ауданы"Қаратал орта мектеп-бақшасы" КММ-де "Балауса" балалар бақшасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына кішкентай бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, өмірбаяны туралы айтып, "Шегіртке мен құмырсқа" аудармасын сахналады.Шараны өткізудегі басты мақсат- Абайды тану арқылы өскелең ұрпақты өнер, ғылым, білімге шақыту. Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.