02
февраль
2021
«Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме
Мектеп кітапханашысы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.М.Джайкова «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмені тамашалауға келген оқушыларға Сара Алпысқызының өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, ол кісінің авторлығымен жарық көрген еңбектеріне сипаттама берілді.