30
декабрь
2020
"Тәртіп-тәрбие бастауы" онлайн конференция
ШҚО Үржар ауданы "Қаратал орта мектеп-бақшасы" КММ 30 желтоқсан 2020 жыл сағат 10:30-да ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан "Тәртіп-тәрбие бастауы" атты онлайн конференция өтті. Конференцияға Үржар АПБ Мақаншы ПБ ЖПҚБ кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция капитаны Камзина Бакытгуль Курмангажыевна арнайы шақыртылып отыр. Конференция жасөспірімдерді қысқы демалыс кезіндегі бос уақыттарында қауіпсіздік ережелерін ұстауға, құқық бұзушылық әрекеттерге бармауға, жаңа жыл кезінде пиротехникалық құрылғыларды пайдаланбауға шақырды. Конференцияға қатысушылары 7-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері.