30
ноябрь
2020
"Ғасырдың ғажап азаматы-Нұрсұлтан Назарбаев" кітап көрмесі
ШҚО Үржар ауданы "Қаратал орта мектеп-бақша" КММ-нің кітапханасының оқу залында "Ғасырдың ғажап азаматы Нұрсұлтан Назарбаев" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.